Live opening · Posted 9 hours ago
At a glance
The key details from the original listing.
About the role
Description supplied by the original job listing.
Аға менеджерге мынадай функциялар жүктеледі:
1) тиісті қаржы жылына және орта мерзімді кезеңге Мектептің бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру;
2) Мектеп басшылығына тиісті қаржы жылына арналған Мектеп бюджетінің уақтылы және мақсатты орындалуын бақылауда жәрдемдесу;
3) бекітілген бюджет деректерін, бюджетке және орта мерзімді бюджеттік өтінімдерге түзетулерді 1С-ке енгізу, сондай-ақ бюджет бойынша есептерді қалыптастыру;
4) өзінің құзыреті шегінде Мектептің басшылығына арналған жиынтық есептерге, таныстырылымдарға анықтамалар, ақпараттық және аналитикалық материалдарды дайындау;
5) өзінің құзыреті шегінде Мектептің шарттарының және басқа да құжаттарының жобаларын қарау және келісу;
6) сатып алу өткізуге туралы өтінімдерді қалыптастыру және дайындау;
7) өзінің құзыреті шегінде басқа құжаттар мен есептерді белгіленген мерзімдерде дайындау;
8) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
9) жетекшілік ететін бағыты аясында тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;
10) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Деканның, Басшысы және Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
Білімі
Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс
Мамандықтардың басым бағыттары:
- экономика;
- қаржы;
- бухгалтерлік есеп және аудит
Жұмыс тәжірибесі
- магистр дәрежесімен – көрсетілген қызметтік міндеттіліктерге сәйкес келетін салада 3 жылдан кем емес еңбек өтілі;
- бакалвр немесе маман дәрежесімен мамандық бойынша еңбек өтілі халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазым бойынша сәйкес келетін салада 5 жылдан кем емес еңбек өтілі
Кәсіптік құзыреті
- Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын білу;
- Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасын білу;
- таныстырылымдарды дайындау және өткізу дағдылары;
- аналитикалық жазбаларды дайындау дағдылары;
- уақытты тиімді басқару дағдылары;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру.
Employment type
Full-time
Work arrangement
No
Your early-applicant advantage
Live timing from JobBeeper.
More openings worth a look
Recently tracked roles with full details and direct application links.