Live opening · Posted 6 days ago
At a glance
The key details from the original listing.
About the role
Description supplied by the original job listing.
Зертхана көмекшісі келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1) зертханалық сабақтарды дайындауда Мектептің оқытушыларымен және оқутышылар көмекшілерімен ынтымақтастық орнатады;
2) зертханалық сабақтар үшін қажетті шығыс материалдар мен жабдықтарды дайындайды;
3) оқытушының ассистенттерімен бірге зертханалық сабақтарды модельдейді;
4) зертханаларды жүйелі тексеру аралаударды жүргізеді;
5) зертханалық жабдыққа қызмет көрсетуге, оны орнатуға, баптауға және ағымдағы сынақтауларды жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады;
6) зертханалық жабдықтарды жақсы жұмыс жағдайында ұстайды, қажет болған жағдайда Провост офисінің Инженерлік-техникалық қызметін тартады;
7) зертханалық жабдықтар мен шығыс материалдарына түгендеу жүргізеді;
8) зертханада жұмыс істеу үшін Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментімен (бұдан әрі – ДСЕҚД) бірлесіп қорғау құралдарына және басқа да қажетті құралдарға қажеттілігін айқындайды;
9) өзiнiң қызметтiк мiндеттерi мен өкiлеттiктерi шегiнде студенттерге/зертхана пайдаланушыларына нұсқаулықтар жүргiзедi;
10) ДСЕҚД-мен бірлесіп ықтимал қауіпті жұмыстар түрлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жабдықтар мен нұсқаулықтар үшін стандартты операциялық рәсімдерін (СОР) әзірлейді;
11) зертханада жұмыс істеуге тағайындалған тұлғалар үшін жабдықтарды пайдалану бойынша тренингтер өткізеді;
12) негіздемелерді дайындауды қоса алғанда, тиісті есепті кезеңге арналған бюджеттік өтінімді дайындауға жәрдемдеседі;
13) бастамашымен бірге тауарларды сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық құжаттаманы дайындайды;
14) қабылдау комиссиясының мүшесі ретінде зертхана үшін сатып алынған жабдықтар мен шығыс материалдарын қабылдау, тексеру, сынау процестеріне қатысады;
15) Университеттің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мектептің негізгі құралдарын жыл сайынғы түгендеуге қатысады;
16) Университеттің қоймаларынан қажетті шығыс материалдарын есептен шығаруды жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындайды;
17) Университеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының сұрауы бойынша, Мектеп басшылығының келісімі бойынша өз құзыреті шеңберінде есептемелер, ақпарат пен мәліметтерді береді;
18) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
19) өзінің атқарымдық міндеттерінің шеңберінде хат жазысуды жүргізеді;
20) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады;
21) басқа Зертхана көмекшісі болмаған кезде (бір айға дейін) міндеттерді уақытша атқарады (алмастырады);
22) Университет басшылығы мен тікелей басшысының тапсырмаларын уақытылы және тиісті түрде орындайды;
23) Қазақстан Республикасы заңнамасының және Университеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
24) Еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуына жауап береді;
25) заңнамаға, Жарғыға және Жұмыс берушінің ішкі құжаттарына сәйкес ресми құжаттардың тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпия және іскерлік ақпараттың, сондай-ақ қолжетімділігі шектеулі ақпараттың жария етілуін немесе жария етілуін болғызбау үшін жауапты болады;
26) жұмыстан босатылған жағдайда барлық қағаз құжаттамасын, цифрлық ақпаратты, мүкәммалды тікелей басшысының нұсқауы бойынша (қабылдау-беру актісі бойынша) басқа қызметкерге уақтылы беру үшін жауапты болады.
Білімі
Жоғары кәсіптік, мүмкіндігінше ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында болғаны жақсы;
Мамандықтардың басым бағыттары:
- Инженерлік-техникалық;
- Химия-технологиялық;
- Инженерлік-құрылыс;
- Компьютерлік ғылымдар
Жұмыс тәжірибесі
Бір жылдан кем емес. Сәйкес салада магистр дәрежесі болған жағдайда, жұмыс тәжірибесіз
Білімі
- Сәйкес саладағы білімі:
Инженерлік-техникалық/Химия-технологиялық/Инженерлік-құрылыс/Компьютерлік ғылымдар;
- жабдыққа немесе шығыс материалдарына техникалық құжаттаманы дайындаудың негізгі принциптерін білу;
- зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын білу;
- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу;
- ағылшын, қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру
Дағдылары
- Презентация жасау және өткізу дағдылары;
- базалық зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары
Басқа талаптар
- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарын ұстану;
- өз бетінше және командада жұмыс істей білу;
- адамдармен тіл табыса білу;
- жауапкершілік;
- бастамашылық;
- жұмысқа жауапты көзқарас
Employment type
Full-time
Work arrangement
No
Your early-applicant advantage
Live timing from JobBeeper.
More openings worth a look
Recently tracked roles with full details and direct application links.